
СҚО бойынша ҚАЖД Ғ. Мүсірепов атындағы ауданының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері жастар орталығымен бірлесіп, мақсаты жалғыз тұратын қарт адамдарға және басқа да мұқтаж жандарға қажетті көмек көрсету болып табылатын «Біргеміз» акциясын ұйымдастырды.
Қайырмыдлық іс-шараға пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар қатысып жалғыз тұратын зейнеткер Сәуле Қапановаға қысқы кезеңге отын дайындауда көмек көрсетті.
«Мен еріктілер қозғалысына өзім қатысуға ниет білдірдім. Біз бір-бірімізге, әсіресе жалғызбасты қарт адамдарға көмектесу өте маңызды екенін түсінеміз. Біз үшін отын жарып, ауланы тазарту еш қиынға соқпайды»,- деп бөлісті сотталғандардың бірі.
Зейнеткер өз кезегінде пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға және ҚАЖ қызметкерлеріне көрсеткен қолдау үшін алғысын білдірді.