Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде «Қазақстан Республикасы күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде «Қазақстан Республикасы күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті

«Қазақстан Республикасы күніне» орай Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде мерекелік салтанатты іс-шара өтті.
ҚАЖ ардагерлер кеңесінің төрағасы Дюсембин Ихсан Ислямұлы құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға еліміздегі жазаны орындаудың жүйесін дамытуға қосқан белсенді үлесі үшін ҚАЖ қызметкерлеріне үлкен алғысын айтты.
ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов ведомство қызметкерлерін алдағы мерекемен құттықтап, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны ризашылығын білдірді.
ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес мемлекеттік мереке қарсаңында, ҚАЖК төрағасы, әділет генерал-майоры Жанат Болатұлы салтанатты түрде үздік қызметкерлерді «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» және ҚР Ішкі істер министрлігінің грамоталары және алғыс хаттарымен марапаттады.