
Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қысқы формаға көшті.
Қысқы киім үлгісіне ауысуына байланысты ҚАЖ комитетінің орталық аппараты қызметкерлерінің саптық тексеру өтті.
Саптық тексеру ҚАЖ ғимаратының шеру алаңында өтті, оның барысында формалардың сыртқы түрін, жай-күйін, қызметтік куәліктердің, айырым белгілерінің талаптарына сәйкестігін тексеру ұйымдастырылды. Ұқыптылық, шаш қию, аяқ киім - жалпы сыртқы келбетке ерекше назар аударылады.
Сонымен қатар, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары, әділет полковнигі Мәдиев Сағат Кентайұлы жеке құрамның қызметтік куәліктері мен қажетті құжаттарды, нысанды киім кию тәртібін жіті тексерді. Саптық тексеруді Кадр саясаты басқармасының бастығы, әділет полковнигі Қанат Қанашұлы Төлебаевтың тікелей қатысуымен жүзеге асырылды.
Өткізілген іс-шараны қорытындылай келе, өткізілген саптық тексеру жеке құрамның қысқы жағдайларда қызмет атқаруға дайындығын көрсетті.