СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде

СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті  «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағының Пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған қоғамнан оқшаулаусыз жазаға сотталған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың алдын алу мақсатында 2022 жылдың 1 қазаны мен 1 қараша аралығында Солтүстік Қазақстан облысының аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
«Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезеңінде жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзатын, профилактикалық сипаттағы әңгімелер жүргізе отырып, жаңа қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға бейім сотталғандар қатарынан адамдарды анықтау және тәртіптік ықпал ету шараларын қабылдау мақсатында адамдар көп жиналатын орындар тексерулермен жіті қамтылуда.
Есепте тұрған азаматтар тарапынан әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде сынақ мерзімін ұзарту немесе жазаны бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы мәселе шешілетін болады.