Пробация есебіндегі азамат 1,2 млн грант ұтып алды

Пробация есебіндегі азамат 1,2 млн грант ұтып алды

Қазіргі таңда пробация есебіндегі азаматтардың басым көпшілігі жеке кәсіпке бет бұрған. Бұл пробация инспекторлары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесі.
Кәсіп ашуды мақсат еткен пробация есебіндегі Б., есімді азамат «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бір айлық «Кәсіпкерлік негіздері» курстарын оқып, онлайн тестілеуін тапсырып сертификатын алып, өз жобасын қорғап шыққан. Нәтижесінде мемлекеттен қайтарымсыз 1 млн 225 200 теңге грант ұтып алды.
«Бастау-Бизнес» жобасы арқылы онлайн оқып, кәсіпкерлік жүргізудің қыр-сырын үйрендім. Қазіргі заманда жұмыс істеп, тұрмысын түзеймін деген жандарға мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндіктер жасалынуда. Мал шаруашылығымен, бизнеспен айналысам деген адам қорықпай екі білегін сыбанып, екі қолға бір таяқты ұстап, малдың артынан қалмай, оны күтіп-бағып жасайтын болсада, жемісін көретіні анық. Мемлекет тарапынан берілген қайтарымсыз қаражатқа мал шаруашылығымен айналыссам деп отырмын»,- деп бөлісті есептегі азамат.
Аудандық пробация қызметінің инспекторы Жақсыбек Жүнісовтың айтуынша тағы бір есептегі азамат кәсіпкерлік курстарын толығымен аяқтап, тест тапсырып, сертификатын алған. Өз бизнес жоспарын жасап коммиссияға ұсынған. Комиссиямен мақұлданған жағдайда екінші сотталған азаматта жеке кәсіпке бет бұруды жоспарлап отыр. Мемлекетіміз тарапынан жасалып жатқан бұндай көмектер пробация қызметі есебіндегі азаматтарды қайта әлеуметтендіруге зор көмегін тигізуде,- деп атап өтті әділет майоры Жақсыбек Жүнісов.