Елордалық ҚАЖ мекемесінде корпустық жиһаз дайындалады

Елордалық ҚАЖ мекемесінде корпустық жиһаз дайындалады

Ақмола облысы Аршалы кентінің аумағында орналасқан Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №2 мекемесінің өндірістік аумағында «KZ orda group» ЖШС өзінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырады.
Директор С. Мұханның басшылығымен жиһаз цехында қазір 4 сотталған жұмыс істейді. Жиһаз цехының ауданы 60 шаршы метрді құрайды, ішінде жаңа үлгідегі станоктар орнатылған. Бұл кәсіпорын үйге, кеңселерге, мектептер мен балабақшаларға арналған заманауи стильдегі әртүрлі жұмсақ және корпустық жиһаздар шығарумен айналысады, сондай-ақ ескі жиһаздарды қалпына келтіруді жүзеге асырады. Кәсіпорын басшысы С. Мұхан республиканың облыстары мен қалаларынан тапсырыстар қабылдайды. Негізгі тапсырыс берушілердің қатарында мемлекеттік, білім беру және балабақшалар бар.
«Жұмысқа орналасу арқылы сотталғандардың тапқан ақшаларын туыстарына жіберуге және сот шағымдарын өтеуге мүмкіндігі бар. Алған білімдері мен дағдыларымен, босатылғаннан кейін сотталғандар өздеріне тұрақты жұмыс таба алады», - деп бөлісті «KZ orda group» ЖШС директоры Серікжан Мұхан.