ШҚО бойынша ҚАЖД №18 мекемесінде «Алтын күз» атты іс-шара өткізілді

ШҚО бойынша ҚАЖД №18 мекемесінде  «Алтын күз» атты іс-шара өткізілді

Күз - алтын түстермен ерекшеленетін ең сүйкімді және жұмбақ, жыл мезгілі. Әр түрлі ұрпақтың ақындары мен суретшілері өздерінің шабыттандырылған өлеңдері мен картиналарын күзге арнап, жылдың осы мезгілін оның барлық түстерінде ашуға көмектесті.
ШҚО бойынша ҚАЖД №18 мекемесінің қабырғасында тәрбие бөлімі №2 кешкі жалпы білім беру мектебінің мұғалімдерімен, сондай-ақ Шемонаиха қаласының Мәдениет үйінің әртістерімен бірлесіп «Алтын күз келді» атты музыкалық концертін өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты — сотталғандардың табиғаттың сұлулығын, өнер туындыларын, кескіндемені түсінуін дамытуға бағытталған, жазасын өтеушілердің эстетикалық талғамы мен қоршаған ортаға мейірімді көзқарасын тәрбиелеуге ықпал ететін тәрбиелік іс-шара.
Залда жиналған сотталғандар әртістерді қошеметпен қарсы алды. Концерт бағдарламасына күз тақырыбындағы музыкалық композициялар, өлең оқу және би нөмірлері енген. Концертке қатысушылардың барлығы қуаныш пен жақсы көңіл-күйге ие болды. Мереке барлығына: қатысушыларға да, көрермендерге де ұнады!