
Ағымдағы жыл М. Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай Қазақстан бойынша ауқымды іс-шаралар өтіп жатқаны белгілі. Сол орайда ШҚО бойынша ҚАЖД №18 мекемеде сотталғандардың қатысуымен шығармашылық іс-шара өткізілді.
Іс-шара өтетін бөлме Мухтар атамыздың суреттерімен, дана сөздерімен безендірілді. Іс-шараға М.Әуезовтың өмірбаянынан бастап сұрақ-жауаптар қойылып, кітаптарынан үзінділер оқылды. Сотталғандар өздері оқыған кітаптары бойынша білгендерін ортаға салып, бір-біріне сұрақтар қою арқылы пікір алмасты.
М. Әуезовтың кітаптарын білетін және оқып ой түйген сотталғандар оқыған әңгімелерін үзінділер келтіріп таң қалдырды. Ұйымдастырылған іс-шара өте қызықты және мағыналы өтті. Сотталғандар аса қызығушылық танытып осындай іс-шаралардың жиі болып тұруына ниеттерін білдірді.