№64 мекемеде сотталғандардың туыстарына арналған «Ашық есік күні» өтті

№64 мекемеде сотталғандардың туыстарына арналған «Ашық есік күні» өтті

2022 жылдың басынан бастап Астана қаласы бойынша ҚАЖД №64 мекемесінде үшінші рет шаруашылық қызмет көрсету жасағы сотталғандарының туыстарына арналған «Ашық есік күні» өткізілуде.
Қуаныштың көз жасы, туыстардың жылы құшағы және айтылмаған сөздер! Осы керемет сенбі күнінің бірінші жартысы осындай әсерлі атмосферада өтті!
Іс-шараға мекеменің шаруашылық қызмет көрсету жасағында жазасын өтеп жатқан сотталғандардың 45 туысы қатысты. Іс – шара басталар алдында келушілер үшін экскурсия өтті, оның барысында сотталғандардың жазаларын өтеу жағдайлары - жатақхана, асхана және тәрбие жұмысының үй-жайлары ұсынылды.
Мен жасақ бастығы ретінде біздің мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың психологиялық көзқарасы қаншалықты өзгергенін көремін. Мен сотталғандарға «Ашық есік күнін» өткізу туралы хабарлағанымда, олардың жүздерінен шынайы қуанғандарын байқадым. Мен үшін бұл біздің қызметіміздің тиімділігінің ең жақсы көрсеткіші, өйткені туыстарымен байланыста болу – сотталғандарды түзетуге, тез бостандыққа шығып, туыстарына оралуға ынталандыратын тәрбие жұмысының әдістерінің бірі – деп бөлісті сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастығы, әділет майоры А. Молдахметов.
Мұндай іс-шараларды өткізу біздің жұмысымыздың құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады және әлеуметтік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ сотталғандардың оңтайлы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Жазасын өтеп жатқан адамдар үшін туыстарын көру, олармен араласу, осы екі сағат ішінде күнделікті алаңдаушылықтан арылу мүмкіндігі ең жақсы сыйлық болуы мүмкін. Осындай сөздермен мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі К. Рахимов өткізілген іс-шараға оң баға берді.