
Қарағанды облысы және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД №29 мекемесінде жазасын өтеп жатқан суретші Геннадий Головкиннің портретін бейнелеген. Осылайша, сотталғандар бүкіл әлемге әйгілі қазақстандық боксшыға қолдауларын білдірді.
Портрет Қарағанды қаласының «GGG» Г. Головкин атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сыйға берілді.
№29 ҚАЖ мекемесіндегі сотталған атап өткендей, Геннадийдің Альвареспен жекпе-жегі олардың көңілін қалдырмай, Қазақстан чемпионына одан әрі жанкүйер болуға серпін берді.