Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ депаратментінде сотталғандар арасында Спартакияда өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ депаратментінде сотталғандар арасында Спартакияда өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №57 мекемесінде «Спорт – дін мен рух кепілі» атты сотталғандар арасында V дәстүрлі спартакияда өтті.
Спорттық шараға Алматы облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы Асет Ұзақбаев, басқармаға қарасты оңалту орталығының бөлім басшысы Дәурен Жомартұлы, «Yerkin» өнер академиясы төрағасы Даулет Ауданбаев, №57 мекеменің сотталған арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бағытында бөлім қызметкерлері және кәсіби төрешілер қатысты.
Гір көтеру, арқан тартыс, қол күрес, сонымен қатар футбол, волейбол спорт түрлерінен өткен жарысқа 100-ден аса азамат қатысып, жүлделі орын алған және үздік танылып, белсенді өнер көрсеткендерге ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар тапсырылды.
Мекеме басшылығы аталған бағыттағы шаралар алдағы уақытта бірлесе өткізетінін жеткізіп, шара ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.