
ҚАЖ мұражайында ағымдағы жылдың 29-30 қыркүйек аралығында ҚАЖ комитетінің орталық аппаратының жеке құрамы үшін ҚАЖ қалыптасу тарихы туралы шолу экскурсиялары ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесінің тарихи мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ жеке құрамды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу болып табылады.
Экскурсияға орталық аппараттың барлық жеке құрамы шақырылды. Қызметкерлер үшін көрме залы бойынша егжей-тегжейлі экскурсия өткізілді, ҚР Ішкі істер органдарының, жалпы қылмыстық-атқару жүйесінің қалыптасу тарихы, сондай-ақ Отан алдындағы борышын адал орындаған және қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлер туралыда айтылды.
ҚР ІІМ музейінің экскурсоводы Алмагүл Нұрқамитқызы Сатмағанбетованың қызықты әңгімесі және мұражайдың естеліктерге толы жәдігерлері мен экспозициялары қызметкерлерді бей-жай қалдырмады.
Өз кезегінде қызметкерлер қылмысқа қарсы күрес және еліміздің отандық пенитенциарлық жүйесінің қалыптасуы туралы баяндайтын шын мәнінде бірегей тарихи заттар мен құжаттарды көре алды.
Айта кету керек, ҚАЖ комитетіндегі қылмыстық-атқару жүйесінің мұражайы ҚАЖ комитеті Кадр саясаты басқармасының бұрынғы бастығы, әділет полковнигі Қайрат Жанатайұлы Жахиннің бастамасымен құрылған.