
«Көңілсіз уақыт, сүйкімді көздер...». Мұндай сөздермен классик осы ауыспалы, тосын сыйларға толы, жыл күз мезгілін сипаттаға. Бүгін, шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандары арасында «Алтын күз» атты таланттар байқауы өткен №64 ҚАЖ мекемесінде де күз тақырыбы назардан тыс қалмады.
Іс-шара бағдарламасына 8 номинация енгізілді, онда қатысушылар өз шеберліктерін көрсете алды. Мысалы, «Аспаздық» номинациясында 10 – нан астам түрлі тағамдар ұсынылды, оның ішінде - кавказдық, америкалық, қазақ және ұйғыр тағамдары дайындалды.
Музыкалық байқаулар, би нөмірлері, суреттер мен қолдан жасалған бұйымдар, және әрине жалпыға ортақ көңілді атмосфера – бұл жағдайда екі сағаттан астам уақыт бойы мекеме қызметкерлерінің қатаң қазылар алқасы сотталғандардың шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін бағалауға дайын болды.
Бағдарламаның ерекшелігі сотталғандардың, бұрынғы – кәсіби инженерлер мен дизайнерлердің күшімен қойылған жарық дизайны мен оптикалық шоу болды.
Мұндай іс-шара біздің мекемеде алғаш рет өтуде, - деп түсіндірді арнайы контингент арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің инспекторы, әділет капитаны Жақсыбаева Майса.
Айта кету керек, бұл концерт өздерін көрсетіп, өткізілетін тәрбиелік іс-шараларға жан-жақты өз әсерін тигізгісі келген сотталғандардың бастамасы бойынша өткізілді. Мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бұл бастаманы қолдап, концерт тоқсандық жоспарға енгізілді.
Сотталғандардың психологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған кез-келген бастамасы әрқашан қолдау табады. Біздің жұмысымыз осында келген адамдарды түзетуден тұрады, сондықтан біздің бөлім әрқашан сотталғандардың таланттарын ашуға және жүзеге асыруға бағытталған ұсыныстарға жауап береді.
- Мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Қанат Рахимов өз ұстанымын осылай түсіндіріп, оның басшылығымен ұйымдастырылатын барлық іс-шаралар тиісті деңгейде болатынын атап өтті.