
Алтай қаласының пробация қызметкерлері Алтай ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-мен бірлесіп, тұрақты жұмыс орны жоқ сотталғандарға арналған «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін» ұйымдастырды.
«Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін» өткізуге жұмыс берушілердің 20-дан астам өкілдері қатысты. Олар: «Жылу су орталығы» КМК, «Зырян технологиялық колледжі» КММ, «Достар Кәсіп» ЖШС, «Плюс» ЖШС, «Групп 4» ЖШС, «Тех. эксперт сервис» ЖШС, «Алтай РСК» ЖШС, «Зодиак плюс» ЖШС, «ЗНП» ЖШС, «PROфикс» ЖК, «Алтай ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ, «ШҚО Алтай ауданы Зубовск кенті әкімінің аппараты» ММ және т. б. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 7-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотталғандарды түзеудің негізгі құралдарының бірі қоғамдық пайдалы еңбек және қоғамдық пайдалы ықпал болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаттарын, міндеттері мен қағидаттарын іске асыра отырып, ШҚО бойынша ҚАЖД Алтай ауданының № 1 пробация қызметі Алтай ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-мен бірлесіп, есепке алынған сотталғандарды жұмысқа орналастыруға бағытталған жұмысты жеткілікті және тұрақты түрде жүргізуде.