Ақмола облысындағы Орташа қауіпсіз ҚАЖ мекемесіне облыс прокурорының бірінші орынбасары келді

Ақмола облысындағы Орташа қауіпсіз ҚАЖ мекемесіне облыс прокурорының бірінші орынбасары келді

Владимир Малахов ҚАЖ мекемесін заңдылықты сақтау тұрғысынан тексерді.
Аға әділет кеңесшісі мекеме аумағын аралап, мекеменің тұрғын үй-жайларын, өндірістік учаскілерін, медициналық бөлімін және дүкеніе аралап шықты.
Тексеру барысында сотталғандарды материалдық – тұрмыстық, медициналық қамтамасыз етуге, санитарлық нормаларды, ережелерді сақтауға, телефон арқылы сөйлесулерді ұсынуға ерекше назар аударылды.
Владимир Малахов мекеменің өндірістік учаскесінде болды. Ол жұмысшылармен әңгімелесіп, қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы сұрастырып, сотталғандармен шығарылған дайын өнімдермен танысты. Прокурор сотталғандарды ұстаудың қатаң жағдай жасағын да айналып өтпеді.
Сондай-ақ, сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізіп, әр жазасын өтеуші жан-жақты жауаптары мен түсініктемелерін алды.