Ақмола облысы бойынша ҚАЖ мекемесіне телефондарды кіргізу әрекетінің жолы кесілді

Ақмола облысы бойынша ҚАЖ мекемесіне телефондарды кіргізу әрекетінің жолы кесілді

Ақмола ҚАЖ мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандардың біріне ерлерге арналған туфли сәлемедемеге келді. Тексеру кезінде сәлемдемені рентген аппараты арқылы жүргізу кезінде қызметкерлер бірдеңе дұрыс емес екенін байқайды.
Қамқор досы аяқ киім жіберген 40 жастағы сотталғанның қатысуымен аяқ киімнің өкшелері ашылып тексерілді. Тексеру барысында сәлемдемені жіберген адам «Nokia» маркалы телефонын, SIM карталарын және USB сымын аяқ киімнің өкшесіне мұқият салғаны анықталды.
Аталған факті бойынша материалдар дереу процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.
«Айта кету керек, азаматтар мен сотталғандарды мекемеге тыйым салынған заттарды алып кіру фактілерін болдырмау жөнінде үнемі жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, бұндай заңбұзушылық сотталғандар үшін де, оларға тыйм салынған заттарды жіберетіндер үшін де зардаптарға әкелуі мүмкін, соған қарамастан тыйым салынған заттарды кез-келген тәсілмен алып өту әрекеттері жалғасуда», - деп бөлісті мекеме бастығы Руслан Оразметов