
Нұр-Сұлтан қ. бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты төтенше қауіпсіз ЕЦ-166/5 (Аршалы к.) мекемесінде жазасын өтейтін сотталғандарға туыстарымен жүздесу үшін ерекше іс-шара өтті.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бастамасымен аталған мекемеде ұсталатын сотталған азаматтардың туыстарымен әлеуметтік-пайдалы байланыстарын қолдау, сондай-ақ оларды ұстау жағдайымен таныстыру мақсатында Ашық есік күні ұйымдастырылды.
9 сотталғанға 18 адам келді, оның ішінде екеуіне ұзақ мерзімді кездесу берілді. Түзеу мекемесіне келушілер колонияның тыныс-тіршілігімен, тұрғын және өндіріс аймақтарымен танысты.
Қазіргі уақытта бұл колонияда 550-ден аса адам түрлі ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін жазасын өтеп жатыр, мұнда 260 адамды жұмыспен қамтыған өндіріс алаңдарында 9 шағын және орта бизнес субъектілері қызметін атқаруда. Сонымен қатар, ЕЦ-166/5 мекемесінің аумағында жұмысшы мамандықтарына оқытатын «Агротехникалық колледж», кешкі білім беретін №5 орта мектебінде барлығы 70-ке жуық сотталған азамат білім алып жатыр.