
Ақмола ҚАЖ мекемесіне келгеннен кейін бірнеше күн өткен соң сотталған Жанатай Байсеуіпов саны жағындағы өткір ауырсынуға шағымдана бастады, ауырсыну біресе азайып, біресе аяқта ұюшылық, жаурау және өткір әлсіздік пайда болды. Науқасты мемекеме терапевті Наталья Юхновец қарап, көгілдір реңкпен айқын бозарғанын байқап, дереу аудандық ауруханадан хирургтарды шақырды.
«Келген дәрігерлер науқасты тексеріп, бұл абсцесс екеніне сенімді болып, оны ашуды және консервативті ем тағайындауды жоспарлады, бірақ аутопсия кезінде бәрі басқаша болды. Үлкен қан тамырынан қан кетіп хирургтарға бұрқасындай шашырады. Артерияны бітеп тастаған дәрігерлер қолдарынан келгеннің бәрін жасағандарын айтып, сондай-ақ уақытты жоғалтпай, аймақтағы білікті хирургпен байланысуды ұсынды», - деп бөлісті Ақмола облсысы бойынша ҚАЖ департаментінің ресми өкілі Ирина Горнова.
Шығудың жолы болмай, шұғыл шешім қабылдау қажет болды. Мекеменің терапевті облыстық ауруханамен хабарласып, сотталғанды сол жерге жеткізіп үлгерді.
«Олар облыстық операциялық ауруханада күтіп тұрды. білікті хирург Евгений Ермолаев «Сегменттің зақымдалуымен ішек-жамбас артериясының аневризмасын» жою операциясын сәтті жүргізді. Ал бірнеше күннен кейін сотталған Жанатай Байсеуіпов жазылып, мекемеге аман-есен оралды», - деп атап өтті баспасөз хатшысы.
Сотталған тез арада мекеме дәрігерлерінің бақылауымен қалпына келді. Жанатай жазасын есірткі үшін өтеп жатқан, бірақ болған оқиғадан кейін, егер бұл басқа уақытта болса, оның бұрынғы айналасындағылардың біріде оған көмектесе алмайтынын түсінді.
«Мекеме қызметкерлерінің назары мен уақтылы көмегі маған аман қалуға мүмкіндік берді, ал хирургтың алтын қолдары өмір сыйлады», - деп Жанатай мекемеден кетіп бара жатып, алғысын білдірді.
Жанатай Байсеуповтың анасы, ол бостандыққа шыққаннан кейін бірден мекемеге қоңырау шалды. Әйел әңгіменің көп бөлігінде көз жасын төгіп, ұлының мекеме қызметкерлерінің жанашырлықтарына арқасында аман қалғанын атап өтті.
«Менің ұлымды Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасының дәрігерілері мен ҚАж қызметкерлері құтқарды. Оларға үлкен тағзым және ананың шын алғысы!»- деді сотталғанның анасы.