ҚАЖК қызмерткерлер арасында «Самбо» күресінен X-шы Республикалық чемпионат өткізді

ҚАЖК қызмерткерлер арасында «Самбо» күресінен X-шы Республикалық чемпионат өткізді

Ағымдағы жылдың 14-16 қыркүйегі аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің командалары, сондай-ақ ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының командалары арасында «Самбо» күресінен X чемпионаты өткізілді.
Жарысқа 13 команда және 93 спортшы қатысты. Чемпионаттың бас төрешісі-халықаралық дәрежедегі төреші Ермағамбетов Нұрлыбек Тышықпайұлы; халықаралық дәрежедегі төреші Қазақстан Республикасының бас бапкері Кемелбаев Жандос Рамазанұлы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық бірінші орынды - Қостанай облысы бойынша ҚАЖД командасы, екінші орынды - Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД командасы, ал үшінші жүлделі орынды - ШҚО бойынша ҚАЖД командасы жеңіп алды.
Жарыстың жеке біріншілігінің жеңімпаздары да медальдар мен грамоталарға ие болды.