
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №10 мекемесінде (әйелдер колониясы ) жыл сайын өтетін «Ең үздік бақша» атты іс-шара өтті.
Түзеу мекемесінің әкімшілігінің рұқсатымен бақшамен айналысатын сотталған әйелдер ерте көктемнен бау — бақшамен айналысады. Осыған байланысты жылдың ең үздік бақшасы атты сайыс өткізілді.
Жылдың «Ең үздік бақтасышы» әдеттегідей 7 — ші жасақтың сотталғаны Н. Самарина атанды. Егінмен айналысу сотталған әйелдердің психологиялық және эмоционалдық жағдайын қалыпқа келтіруге септігін тигізеді. Еккен егіннің жемісін алу сотталған әйелдер үшін өз — өзінің ары қарай дамуына және өздерін жұмыспен қамтуларына осындай шаралар оң ықпалын тигізеді.