СҚО-да пробация қызметкерлері есепте тұрған сотталғанның өмірін сақтап қалды

СҚО-да пробация қызметкерлері есепте тұрған сотталғанның өмірін сақтап қалды

Электронды білезіктің мәліметінше, сотталған үйінде болған және үйінен шықпаған. Алайда, тексеру кезінде құрылғы сөніп қалған.
Пробация қызметкерлері учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, мән-жайларды анықтау үшін шұғыл түрде сотталғанның тұрғылықты жеріне барды. Келгеннен кейін олар үйдің есігі ішінен бекітілгенін, ал үйден күйктің иісі шығып жатқанын байқады.
Қызметкерлер терезенің әйнегін сындыруға шешім қабылдап, үйге кіріп, сотталғанды ес-түссіз төсегінен табады. Дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, сотталған орталық аудандық ауруханаға жеткізіліп, онда ол есін тани бастады.
Ұйықтар алдында сотталған темекісін пешке отын мен қағаз салынғанын байқамай үрлеп жауып тастағаны белгілі болды.
Сондай-ақ, пештің жанында пластикалық ыдыс болғаны анықталып, ол ери бастаған, соның салдарынан зиянды түтін пайда бола бастады.
Есептегі азамат пробация және полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді. ІІО қызметкерлерінің қырағылығы мен уақытылы көрсетілген алғашқы медициналық көмектерінің арқасында адам өмірі құтқарылды.