Прокуратура өкілдері елордалық ҚАЖ мекемесіне жұмыс сапарамен келді

Прокуратура өкілдері елордалық ҚАЖ мекемесіне жұмыс сапарамен келді

№2 ҚАЖ мекемесінде ұсталатың сотталғандардын құқықтарымен ұстау шарттарының сақталуына мониторинг жасау мақсатында, Ақмола облысының прокурорының бірінші орынбасары әділет аға кеңесшісі Владимир Малахов және Ақмола облысының прокуратурасының 2-ші басқарма бастығының орынбасары әділет аға кеңесшісі Нұржан Ережепов, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Даулет Рақымбековпен бірге мекеменің тұрғын үй-жайлары мен өндірістік үй-жайларын аралап шықты. Аралау барысында мекеменің байланыс құралдарымен бейне бақылау жүйесі таныстырылды.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің бастығы әділет полковнигі Даулет Рақымбековтың айтуынша «Мекеменің барлық жабық үй-жайлары бейне бақылау құралдарымен жабдықталатын болады, онымен қоса сотталғандардын жүріс тұрысына сапалы түрде бақылау жүргізу үшін «Көрінбейтін аймақтардың» болуының жолы кесіледі».
Сапар барысында мекемедегі сотталғандарды жеке сұрақтарымен қабылдау жұмыстары жүргізілді. Прокуратура қызметкерлері мекемедегі жазасын өтеушілердің құқықтары, азаптауға қарсы конвенциясының сақталуына және басқада қатыгездік және адам намысын қорлауға жол берілмеуін басты назарға алды.
Іссапар қорытындысы бойынша, мекемедегі сотталғандардың тарапынан, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға байланысты арыз-шағым түскен жоқ.