ҚАЖ қызметкерлері жасырынған қаруды анықтады

ҚАЖ қызметкерлері жасырынған қаруды анықтады

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №57 мекемесі қызметкерлерінің көмегімен ұрланған қару табылды.
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №57 мекемесінің қызметкерлері ағымдағы жылдың қаңтар айында жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілердің тұрған жерін анықтау бойынша жедел жұмыстар жүргізді.
Анықталған орынды тексеру барысында, ҚАЖ қызметкерлері Талдықорған қаласының ПБ және Ескелді ауданының ТЖТ бірлесіп, Ескелді ауданы Жастар кентіндегі аялдаманың жанындағы тастың астынан патрондары жоқ оқсалғышы бар «Макаров» тапаншасын тауып, тәркіледі.
«Біздің қызметкерлердің қырағылығының арқасында Талдықорған қаласының полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, нәтижелі және жедел жұмыс жүргізілді», — деп атап өтті ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов.
Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.