ШҚО-да 60 сотталған алғаш рет мектепке барды

ШҚО-да 60 сотталған алғаш рет мектепке барды

Білім күні ШҚО бойынша ҚАЖД №18 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде жазасын өтеп жатқан оқушылар үшін салтанатты іс-шара өткізілді. Алдағы оқу жылында 60-қа жуық сотталған мекеме жанындағы кешкі мектепте оқитын болады.
Іс-шара ҚР Әнұранын орындау рәсімінен басталды. Салтанатты жиынды мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қадырхан Хамзин құттықтау сөзімен ашты.
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді Білім күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер, денсаулық және жемісті оқу жылы тілеймін. Қымбат уақыттарыңызды жоғалтпай – бәсекелес әлемде өздеріңізді жоғалтпай, білімдеріңізді арттырып, мақсаттарыңызды жүзеге асыруға қол жеткізулеріңіз керек, - деді мекеме бастығы.
Сондай-ақ сотталғандарға Шемонаиха кешкі орта мектебінің мұғалімдері де өз тілектерін білдірді.
- Білім жолы сіздерді жақсартып, өмірлеріңіз қызықты болсын деп шын жүректен тілеймін. Алған білімдеріңіздің арқасында табыс тауып, отбасыларыңызға және елімізге пайда болыңыздар, - деп ШҚО білім басқармасы Шемонаиха ауданы бойынша білім беру бөлімінің №2 кешкі орта мектебінің директоры Ақтау Бексолтанов тілегін білдірді.