ҚАЖ қызметкерлері жасырын қару мен оқ-дәрілердің орналасқан жерін анықтады

ҚАЖ қызметкерлері жасырын қару мен оқ-дәрілердің орналасқан жерін анықтады

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД № 71 мекемесінің қызметкерлері «Қару» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жетісу облысы ПД КПБ бірлесіп, қаңтар айындағы оқиғалар кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілердің тұрған жерін анықтау бойынша жедел жұмыстар жүргізілді.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ескелді ауданы Шымыр ауылының шетіндегі бетон плиталарының астынан бір оқсалғышы бар Байкал тапаншасы, бір СПШ тапаншасы, оқсалғышымен екі Макаров тапаншасы және 9 мм калибрлі 16 патрон табылды.
Сондай-ақ, Қаратал ауданы Тастөбе ауылының маңында арықтан 6 патроны бар қарудан екі оқсалғыш табылды.
– Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД ведомстволық бағынысты мекемелерімен қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактілерін анықтау және ұрланған қарудың орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.
Екі факті де сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.