Қазақстанда колониялар атауы өзгертілді

Қазақстанда колониялар атауы өзгертілді

Енді әріптік индекстің орнына мекемелерге өздерінің жеке реттік нөмірлері берілетін болады.
Ағымдағы жылғы 8 тамызда «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің құрылтай құжаттарын бекіту туралы» бұйрыққа Ішкі істер министрі қол қойды.
Осы құжатқа сәйкес ҚАЖ бөлімшелерінің аумақтық тиесілігін білдіретін аббревиатуралар реттік нөмірлермен ауыстырылатын болады.
Мысалы, елордалық ҚАЖД-ға бағынышты ЕЦ-166/5 төтенше қауіпсіз мекемесі республикалық тізілімде «№ 2 мекеме» ретінде белгілі болады.
Колониялар мен тергеу изоляторларының қайта аталған тізімімен ұсталатындардың туыстары, сондай-ақ өзге де мүдделі адамдар Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ведомстволық сайтында таныса алады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда елімізде ҚАЖ 79 мекемесі жұмыс істейді.