
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №12 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар кәсіби спортшылармен баскетбол ойнады.
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты қауіпсіздігі барынша жоғары №12 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай баскетболдан шағын турнир өткізілді.
Жарысқа сотталғандар командалары, Конаев қаласының баскетболшылары, сондай-ақ кәсіби спортшылар Дамир Аманжолов, Артем Резников, Сағын Қазбек, Мират Муссабаев және Жасұлан Ерланұлы қатысты.
«Бұған дейін біз бұл мекемеге барып, тәрбиелік жұмыстар жүргізгенбіз. Әркімнің қателік жасайды және әр сынақтан лайықты өту керек. Ең бастысы әрқашан адамгершілікті жоғалтпауымыз қажет»,- деп атап өтті ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің қатысушысы Дамир Аманжолов.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар медаль, грамота және сыйлықтармен марапатталды.