
Ведомство басшысы Жанат Ешмағамбетов қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне ведомстволық наградаларды, грамоталар мен алғыс хаттарды салтанатты түрде табыс етті.
Бүгін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Мәжіліс залында, әділет генерал-майоры Жанат Болатұлы Ешмағамбетов қызметкерлерді келе жатқан «Конституция күні» мемлекеттік мерекесімен жеке құттықтап, қызметтік борыштарын адал атқарғандары үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар, Ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметкерлер «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалдарымен, «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгілерімен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
- Жанат Болатұлы орталық аппараттың жеке құрамы алдында салтанатты сөз сөйлеп, барлық қызметкерлердің отбасыларына амандық, зор денсаулық, айбынды қызмет, барлық жақсылықтар мен елеулі еңбектерінде мол табыстар тіледі.