
Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға ардагерлер, сондай-ақ қолданыстағы жеке құрам шақырылып, Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет Мұстафинов құттықтау сөз сөйледі.
- Конституция күнін мерекелеу елдегі ең маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардың бірі болып табылады. Конституцияда жарияланған құндылықтарды сақтаумен қатар, Ішкі істер органдарының басымдықтары азаматтардың жоғары сенім деңгейін қамтамасыз ету, қоғаммен, үкіметтік емес ұйымдармен және БАҚ-пен сындарлы өзара іс-қимыл жасау болып табылады. Сіздерге бейбітшілік, амандық және маңызды қызметтеріңізге мол табыстар тілеймін! – деп атап өтті өңірлік ҚАЖД басшысы.
Атаулы күн қарсаңында наградалар тапсыру және атақтар табыстау тұрақты және жақсы дәстүрге айналды. ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен әділет майоры Динара Шүкеноваға атқарып отырған лауазымымен көзделген атақтан бір саты жоғары «Әділет подполковнигі» арнаулы атағы берілді. «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен әділет подполковнигі Мәдина Нүркенова, «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен әділет капитаны Данияр Байтеміров марапатталды. Сондай-ақ, «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісі қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлеріне табыс етілді.