
ҚАЖ қызметкерлері 10 отбасыға көмек көрсетті.
ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері қоғамдық қормен бірлесіп «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды. Барлығы 10 отбасыға әлеуметтік қолдау көрсетілді.
– Қазіргі уақытта әр отбасы оқушыны мектепке жинай алмайды. Бұл әсіресе қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға қиынға соғады. Сондықтан біз «Алгорит-МІХ» қоғамдық қорының қолдауымен ҚАЖ мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың балалары үшін қайырымдылық іс-шара өткіздік. Акция барысында балаларға кеңсе заттары бар рюкзактар табыс етіліп, жылы сөздермен ізгі тілектер айтылды, – деп бөлісті ҚАЖ мекемесі бастығының орынбасары Олжас Жақсыбаев.