Электрондық білезіктер құралы арқылы пробациялық бақылауды жүзеге асыру

Электрондық білезіктер құралы арқылы пробациялық бақылауды жүзеге асыру

Тиісті пробациялық бақылауды қамтамасыз ету және сотталғандардың тұрған жері туралы ақпарат алу үшін пробация қызметі электрондық бақылау құралдарын пайдаланады.
СҚО бойынша ҚАЖД Аққайың ауданының пробация қызметінің бөлімшесінде ГЛОНАСС/GPS жаһандық навигациялық спутниктік жүйесінің сигналдары бойынша сотталған адамның орналасқан жерін қашықтықтан сәйкестендіруге және қадағалауға арналған 3 дербес GPS құрылғы бар.
Сотталғанға электрондық бақылау құралдарын қолдану туралы шешім қаулымен ресімделіп, сотталғанға және онымен бірге тұратын адамдарға жарияланады, бұл ретте жабдықтың бүлінгені үшін жауапкершілік, электрондық бақылау құралдарын пайдалану ерекшеліктері түсіндіріледі, сондай-ақ қол қойғызып пайдалану жөніндегі жадынама тапсырылады.
«Пробация бөлімшесінің қызметкерлері ақпарат жинауды мониторинг пультінің деректерін пайдалана отырып жүзеге асырады. Барлық есепке алынған адамдар тәулігіне 24 сағат бақылауда болады, өйткені сотталғандардың қозғалысы минут сайын есептеледі. Карта бойынша біз сотталғанның орналасқан жерін нақты уақыт режимінде бақылап қана қоймай, сонымен қатар барлық қозғалыс бағытын бақылай аламыз», - деп бөлісті пробация қызметі бөлімшесінің бастығы Бауыржан Ибраев.