ҚАЖ қызметкерлері есепте тұрған азаматқа құжаттарын қалпына келтіруге көмектесті

ҚАЖ қызметкерлері есепте тұрған азаматқа құжаттарын қалпына келтіруге көмектесті

СҚО бойынша ҚАЖД Аққайың ауданының пробация бөлімінің қызметкерлері 41 жастағы есептегі азаматқа жеке куәлігін қалпына келтіруге көмектесті. Есепке алынған Б. денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды. Ресми түрде жұмысқа орналаспаған, өйткені оның жеке басын куәландыратын құжаттар болмаған. Спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланған, соның салдарынан пробация қызметінің есебінде тіркелген.
«Құжаттарымнық жоқ болғаныдығынан, жұмысқада орналаса алмадым, сондықтан маған қандай да бір жолмен өмір сүруге тура келді»,-деп түсіндірді ол. Пробация қызметі Көші-қон полициясы қызметкерлерімен бірлесіп сотталғанның құжаттарын қалпына келтіру бойынша бірлесіп жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде ол жеке басын куәландыратын құжатын алды. Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс орындарының квотасы бойынша сотталғанның жұмысқа орналасуына көмек көрсету жөнінде хат жолданды.
«Аққайың ауданының пробация бөлімінің қызметкерлеріне түсіністік пен көмек көрсеткені үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Енді құжаттарым түгел, жұмыстыда таба аламын. Азын-аулақ болсада, тұрақты ақша табайын. Қалай болсада, сот үкімі бойынша талапты біртіндеп өтей аламын және жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығу мүмкіндігім болады», - деп бөлісті есептегі азамат.