ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған заттарды кіргізудің жолы кесілді

ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған заттарды кіргізудің жолы кесілді

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/14 мекемесіне қоқыс тасушы машинамен телефон кіргізуге тырысқан азамат ұсталды.
Қоқыс шығару бойынша жұмыстарды орындау үшін Заречный кентінің ЛА-155/14 мекемесінде ГАЗ-3309 автокөлігінің жүргізушісі (қоқыс тасығыш) рульдің астындағы панельге скотчпен оралған тыйым салынған заттарды тығып алып, оларды сотталғандарға пайдалану үшін кіргізбек болған. Алайда, мекеме қызметкерлерінің қырағылығы мен жіті тексерулерінің арқасында мекемеге үш ұялы телефонды кіргізудің жолы кесілді.
«Аталған факті бойынша мән-жайларды анықтау және одан әрі процессуалдық шешім қабылдау үшін Қонаев қаласының жедел — тергеу тобы шақырылды», — деп атап өтті ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.