Смартфондар мен есірткіні дронның көмегімен ШҚО ҚАЖ мекемесіне өткізудің жолы кесілді

Смартфондар мен есірткіні дронның көмегімен ШҚО ҚАЖ мекемесіне өткізудің жолы кесілді

Мекеме қызметкерлерін байқап, тәртіп бұзушылар өз аппараттарын алуға үлгермей қашып кетті.
Смартфондары бар дронды және скотчпен оралған наркотикалық заттарды Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ОВ 156/20 мекемесінің қызметкерлері жедел іс-шара барысында тауып алды. Қызметкерлер оларды жедел ақпараттың арқасында анықтаған.
Тәртіп бұзушылар мекеменің жанындағы қараусыз қалған ғимаратқа тығылып, тыйым салынған заттарды мекеме аумағына техниканың көмегімен тастауға дайындалып жатты. Алайда, қызметкерлерді байқаған тәртіп бұзушылар өз аппараттарын алуға үлгермей қашып кетті.
«Аталған факті бойынша Өскемен қаласының полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Түйіншекті ашу кезінде препаратқа ұқсас зат, екі смартфон және басқару пульті бар дрон табылды. Сараптама тағайындалды», - деп атап өтті ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ресми өкілі Салтанат Ожиканова.