
Иесіне адал ит Павлодар тергеу изоляторының ғимаратында бір айдан астам уақыт отырады. Тергеу изоляторының қызметкерлері анықтағандай, сары ит мұнда кездейсоқ болған жоқ. Ит есірткі қылмысы туралы күдікпен ұсталған қожайынын күтуде.
Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, алдымен ит ешкімді өзіне жібермеді және тек оқшауланған терезелерге үмітпен қарады. Кейін ол келушілерге жақындай бастады.
«Ит өтіп бара жатқан адамдарға үрген жоқ, ешқайда кетеде қоймады, басында тамақтыда жемеді. Кейціннен келушілер мен біздің қызметкерлер оны тамақтандыра бастады. Оның бір жерде отырғанын көріп, біз бұл итті біреуді күтіп отыр кен деп болжадық. Негізінен, ит әйелдерге жиірек жақындап, оларды иіскеп, кіре беріске қайта оралды. Біз соңғы уақытта тергеу изоляторына келгендердің барлығымен сауалнама жүргіздік. Оларға иттің суретін көрсеттік. Тергеу-қамауындағылардың бірі оны таныды. Ол иттің иесі екені анықталғансоң, итті изоляторға келушілер Хатико деп атайды, тергеу изоляторында иттің екі ай бойы ұсталғаны белгілі болды», - деп бөлісті АП-162/1 мекемесі бастығының орынбасары Берік Рахимов.
25 жастағы қыз есірткіні жасырып таратқан деп күдіктелуде. Оның айтуынша, иттің лақап аты - Сары. Ол оны күшік кезінде тауып алып, саяжайындағы үйіне өзімен алып кеткен. Содан бері ол оның адал досы және көмекшісіне айналды.
Қызды полицияға алып кеткен кезде ит тамақтан бас тартып, содан кейін ауладан мүлдем жоғалып кетті дейді қыздың туыстары. Мекеме қақпасында жануардың қалай пайда болғаны белгісіз.
Павлодарлық қыз, анасы сауқат алып келген кезде, ит анасымен бірге келуі мүмкін деп санайды. Содан бері бір айдан астам уақыт өтіп, қазіргі уақытта Хатико өз иесін, ал қыз - сот шешімін күтуде.