
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/10 мекемесінде жазасын өтеуші әйел жақында ана атанды. Баланың анасының жанында өмір сүруге және толық дамуға мүмкіндігі бар, мекеме ана мен баланың жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасауда.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД Есіл ауданының пробация қызметі Есіл ауданының еріктілерімен бірлесіп, осы сотталған әйелге балаға бірінші кезекте қажетті заттар, жөргектер, балаға арналған киім, гигиена құралдары және т. б. түрінде толықтай көмек көрсетті.
Ана үшін жайлы жағдайлар әлеуметтенуге жақсы ынталандыру, өйткені балаға күтім жасау әйелге бостандықта өмір сүруге дайындалуға бейімдейді.