Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты қауіпсіздігі жоғары АП-162/4 мекемесінде сотталғандар арасында спорттың қыстық түрі – шыңғы тебуден жарыс өткізілді. Шаңғы спорты – қыстық спорт түрлерінің жиынтығы, ерекшелігі спортшылар шыңғыны қолданады. Жарыс алдын-ала дайындалған спортшыларға арналған жолақта өтті, сынға : шаңғымен жүгіріс және нысанаға дәл тигізу түрінен 18 сотталған қатысты. Бұл іс-шара мекеме әкімшілігімен ұйымдастырылып, керек-жарақ құралдар Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан көмек ретінде ұсынылды, жарысқа қатысқан барлық сотталғандар шағын сыйлықтармен марапатталды.
Бастаудан бастап мәре сызығына дейін сергектік, бәсекелестік және жақсы көңіл – күй атмосферасы орын алды. Сайысқа шаңғыға өмірлерінде бірінші рет тұрғандардан бастап, арнайы шеберлерге дейін қатысты. Қатысушыларға арнайы жылыну мақстымен ыстық шай мен тамаша көңіл сылау үшін музыка ұйымдастырылды. Жарыс соңында, ерекшеленген келесі сотталғандар марапатталды: бірінші орынды екінші жасақта жазасын өтеп жүрген сотталған Мұратбек Ансат иемденіп, басты жеңіс сыйлығы тортпен жасаққа оралды. Екінші орынды жеңіп алған жетінші жасақ сотталғаны Упобаев Тлек және үшінші орынды бірінші жасақ сотталғаны Кимачев Александр иеленді. Барлық жеңіске жеткен сотталғандар медальдармен марапатталды.