
СҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты ЕС-164/8 мекемесінде жазасын өтеп жатқан А.есімді сотталғанға алып келінген сәлемдемені тексеру барысында шоколад қаптамасына оралған телефон табылды.
Мекемелердің тексеру аймағына күн сайын сотталғандардың туыстары азық-түлік, киім және басқа да қажетті керек-жарақтарды беретін түрлі сәлемдемелер мен бандерольдер келіп түседі.
Тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекет жасағаны үшін барлық сәлемдемелерді жөнелтушілерге міндетті түрде қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы ескертіледі. Сондай-ақ сотталғандарға беруге рұқсат етілген заттардың тізбесі беріледі. Алайда, тыйым салынған заттарды мекеме аумағына әкелуге тырысып, заңмен белгіленген тәртіпті бұзуға шешім қабылдаған азаматтарда жоқ емес.
Бұл жолы ЕС-164/8 мекемесінің қызметкерлері шоколад қаптамасының астына жасырылған смартфонды мекемеге алып өтудің жолы кесілді. Телефон жабысқақ лентадан, фольгадан тұратын қос қабатқа мұқият оралып, үстіне шоколад құйылғаны анықталды.
Сотталған шоколадта жасырылған ұялы телефонды оған әзілдесіп, оның жиені жібергенін айтты.Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша тиісті материалдар дайындалып, одан әрі шешім шығару үшін сотқа жолданды.