ШҚО бойынша ҚАЖ департаментіне пробацияда есепте тұрғандарға биометрикалық электронды терминал орнатылды

ШҚО бойынша ҚАЖ департаментіне пробацияда есепте тұрғандарға биометрикалық электронды терминал орнатылды

Бүгін Шығыс Қазақстан облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде облыстық прокурордың, ҚАЖД басшылығы мен "Антарес-А" қоғамдық қоры директорының қатысуымен Өскемен қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар үшін биометрикалық электронды терминалды орнату салтанатты түрде өтті.
Аталған терминал жүйесіне сотталғандардың туралы мәлеметтермен қатар, олардың бет және саусақ іздері тіркелді. Есепте тұрғандардың пробацияға келген уақытын сканерлеу арқылы көрсететін болады.
"Антарес-А" қоғамдық қорының қаржыландыруымен алынған электронды терминал сотталған азаматтармен қоса, қызметкерлердің де уақытын үнемдеуге ықпал етеді деп күтілуде.
Бүгінгі күні мұндай құрылғылар Сол жағалау, Үлбі аудандары және Өскемен қалаларында орнатылған. Алдағы уақытта Семей қаласында орнату жоспарланып отыр.