ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында оқу-жаттығу жиыны өтті

ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында оқу-жаттығу жиыны өтті

«2022 жылға арналған бастапқы кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарының жоспар-кестелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 770 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылғы 4 шілде мен 9 шілде аралығында, сондай-ақ ағымдағы жылғы 18 шілде мен 23 шілде аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында ҚАЖ бөлімшелерінде кәсіби дайындыққа жауапты қызметкерлермен «Тактикалық-арнайы, атыс дайындығы және жауынгерлік күрес тәсілдері» бағдарламасы бойынша оқу-жаттығу жиыны өтті.
Оқу-жаттығу жиындарына ҚАЖ департаменттері мен мекемелерінен 57 қызметкер қатысты. Сабақтар Қарағанды облысы ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының нұсқаушыларымен (бөлім бастығы, полиция подполковнигі Р. Әбдірахманов; аға инспектор, полиция майоры Н. Сағадиев; инспектор, полиция капитаны А.Сыртанбеков) бірлесіп өткізілді.
Оқу-жаттығу жиындарының бағдарламасына келесі сабақтар кірді:
- физикалық дайындығы және күрестің жауынгерлік әдістері бойынша;
- атыс дайындығы бойынша сабақтар;
- арнайы-тактикалық дайындық бойынша сабақтар;
Оқу-жаттығу жиындары аяқталғаннан кейін қызметкерлерге біліктілігін арттыру туралы сертификаттар табыс етілді.
ҚАЖ комитетінің басшылығы өз кезегінде оқу-жаттығу жиындарын жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны үшін:
- ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшылығына жиындарды өткізуге көмек көрсетіп, барлық қажетті материалдық базамен қамтамасыз еткені үшін;
- Қарағанды облысы бойынша ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы департаментінің басшылығына сабақ өткізу мақсатында тәжірибелі нұсқаушыларды ұсынғаны үшін;
- Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығына жиындарға қатысушылардың атыс полигонына (Қарабас кенті) баруын, сондай-ақ «КАРлаг» мұражайына (Долинка кенті) баруын ұйымдастырғаны үшін үлкен алғысын білдірді.