Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ мекемесінде сотталғандарға арналған психологиялық тренинг өтті

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ мекемесінде сотталғандарға арналған психологиялық тренинг өтті

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД пробация қызметі және «Құқық» қоғамдық қоры екі жақты меморандум жасасып, оған сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған адамдарға көмек көрсетіледі.
«Құқық» орталығының базасында «Бақытты отбасы» тақырыбында психологиялық семинар-тренинг өтті. Оған жазаны кейінге қалдырған сотталған әйелдер қатысты. Мақсаты - топта жағымды эмоционалды-психологиялық климатты қалыптастыру, рефлексиялық ерекшеліктерді дамыту, шиеленісті жеңілдету, Эмпатияны дамыту.
Залдағы орындар лық толып, көпшілік тегін семинарға қатысуға ниет білдірді. Осы іс-шара барысында әйелдер өз уайымдары мен проблемаларымен бөлісіп, қатысушылардың көпшілігі балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтінін, кейде туындаған мәселелерді шешу қиынға соғатынын атап өтті.
Тренинг барысында процеске қатысушылар мен жаттықтырушы қауіпсіздік кеңістігін құрады, онда әркім түсіністік пен қолдауға сене алады.
Есепте тұрған А. есімді азаматша 2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласының пробация қызметінде тіркеуде тұр, алаяқтық үшін сотталған, некеде тұрған, кәмелетке толмаған екі ұлы бар. Осы кезеңде А. Жұбайымен күрделі ажырасу кезеңін бастан кешуде. Балаларды тәрбиелеу мәселесінде де келіспеушіліктер туындап, олар кіммен қалатыны белгісіз. Отбасылық жағдайын уайымдап, ол жұмысын тастап, еңсесі түсті. Оның жағдайын тренингте талдау барысында, «Шешілмейтін» мәселелерінің бір бөлігі оның пайдасына сәтті шешілді.
Сондай – ақ, Орталық тұрақты негізде өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға мынадай түрде тегін көмек көрсетеді:
– құжаттарды ресімдеу;
– тіркеуді ресімдеу;
– балаларды мектептер мен балабақшаларға ресімдеуге көмек;
– білікті психологиялық көмек;
– білікті заң көмегі;
– пішу және тігу курстары;
–йога және фитнес курстары;
- шетел тілдері курстары;
– көлік жүргізу;
– бірінші қажеттілік құралдары, азық-түлік өнімдері түрінде біржолғы көмек көрсетеді;
- өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды дағдарыс орталықтарына жібереді.
Бейімделу орталықтарында адам алты айға дейін тегін бола алады.