
Екі сотталған Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінен босатылды.
Қызылордада ЗК-169/4 мекемесінен жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстыру бойынша екі сотталған бостандыққа шықты. «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында сотталғандарды туыстары қарсы алды.
Сонымен қатар, кездесуге қалалық пробация қызметінің қызметкерлері, Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері және Қызылорда қалалық оңалту орталығының психологы қатысты. Мемлекеттік органдардың өкілдері бостандыққа шыққандармен әңгімелесіп, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндірді.
- Ақыры туған-туыстарыма үйге оралатыныма қуаныштымын. «Мен бір жылдан астам уақыт үйде болмадым. Енді мен бостандықтың не екенін білемін және заңды бұзбай, бостандығымды бағалап, жұмыс істеймін», - деп бөлісті сотталған С.
Мұндай іс – шаралардың мақсаты - бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмысқа оңтайлануына қолдау көрсету.