
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД Есіл ауданының пробация қызметінің есебінде бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылған сотталғандар тұр.
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы шешімімен «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Нұр-сұлтан қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары» енгізілді, онда әлеуметтік көмек алуға құқығы бар алушыларға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар енгізілді.
Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД Есіл ауданының пробация қызметі осы санаттағы сотталғандарын әлеуметтік көмек алу үшін Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жолданды.
Оның ішінде бүгінгі күні 4 сотталған адамға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек төленді.
Мұндай әлеуметтік көмек бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейінгі алғашқы күндері қоғамға бейімделуге көмектеседі.