БҚО бойынша ҚАЖД тергеу изоляторына аяқ киім табанында трамадолды жасырып өткізудің жолы кесілді

БҚО бойынша ҚАЖД тергеу изоляторына аяқ киім табанында трамадолды жасырып өткізудің жолы кесілді

БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің РУ-170/1 мекемесінде режим бөлімінің қабылдау бөлмесінде Ұлдай Батырханқызы тергеу-қамауға алынған Е-ге түскен хабарды тексеру кезінде резеңке шәркелердің табанынан құрамында есірткі немесе психотроптық заттар ретінде бекітілген заттарға ұқсас ақ түсті жасырын зат табылды.
- Алдын ала мәліметтер бойынша, тәркіленген зат Трамадол болып табылады. Тергеу-жедел тобы шақырылып, содан кейін тыйым салынған заттарды алу актісі жасалды, – деп мәлімдеді мекеменің Режим және күзет бөлімінің бастығы Қ.Құрманов.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, осы Әкімшілік құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілік, яғни қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға, алкогольдік ішімдіктерді, дәрілік және басқа да есеңгірететін әсері бар заттарды, ақшаны, тамақ өнімдерін, медициналық мақсаттағы бұйымдарды тексеріп қараудан жасырын беру немесе кез келген тәсілмен беруге әрекет жасау көзделгенін атап өткен жөн. Осы мекемелерде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған бұйымдар мен басқа да заттарға ескерту жасауға немесе зат тәркіленіп, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, ал есірткі құралдарына ұқсас заттарды беру жағдайында ҚР ҚК 297-бабының тиісті бөлігінде көзделген қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін еске саламыз.