БҚО бойынша ҚАЖД өкілдері қалалық жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесіне қатысты

БҚО бойынша ҚАЖД өкілдері қалалық жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесіне қатысты

Ағымдағы жылғы 22 шілдеде Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында қалалық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті, оған БҚО бойынша ҚАЖД кадр саясаты тобының қызметкерлері қатысты.
Жәрмеңке барысында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет өткеру жағдайлары мен қызметкерлерге жеңілдіктер жайлы айтылып, сондай-ақ ҚАЖ департаментіне Батыс Қазақстан облысы бойынша қызметке түскісі келетіндер үшін буклеттер таратылды.
Қызығушылық танытқан үміткерлер кейіннен қызметке орналасу үшін тестілеуге жіберілді.