
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/2 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандар арасында жыл сайынғы түрлі спорт түрлерінен жазғы спартакиада жалғасын тапты.
Мекеме әкімшілігінің айтуынша, аталған спартакиада ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандардың түзелуіне қол жеткізуге ықпал ететін салауатты өмір салтына ынталандыру және дамыту, сотталғандар арасында моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады.
«Спартакиада барысында бұған дейін жасақтар арасында жеңіл атлетикадан жарыстар өткізілетін, яғни 100 метр қашықтықа жүгіру, арқан тартыс, кермеге тартылу, қол күрес, гір көтеру, т.б. жаттығулар жасау. Алдағы уақытта үстел теннисінен, шағын футболдан, шахмат, шашка ойнау сияқты жасақтар арасында түрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады»,- деп бөлісті КА- 168/2 мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Қанат Макатов.