
Психологтар кинотерапия тренингін сотталғандармен Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖД ЕЦ-166/10 мекемесінде өткізді. Көптеген сотталғандар, әсіресе бірінші рет «қоршаудың сол жағында» болған адамдар жаңадан бейімделеді. Сотталғанадардың жеке күшті эмоциялары болады, оларды әр түрлі тәсілдермен, оның ішінде, қызықты фильмдермен, эмоцияларын, еүрделі жағдайларын батыл жеңудің бірден бір тәсілі жақсы фильмдер көрсету.
«Фильмдерді таңдауға ерекше көңіл бөлінеді. Мен фильмді алдын — ала қарап, оны талдап, сабақ бағдарламасын жасаймын», -дейді ЕЦ — 166/10 мекемесінің психологы Зәуре Мусина.
- Фильм қойылған міндеттерге, соның ішінде тарихи, психологиялық мәселелерге байланысты таңдалады. Олар адамның патриоттық, рухани-адамгершілік, зияткерлік және мәдени әлеуетін арттыруға бағытталған.
Көрсетілімде сотталғандарға «Пока не сыграл в ящик» фильмі көрсетілді. Сюжеттің орталығында екі жазылмайтын қатерлі ісігімен ауыратын науқастардың өлмес бұрын, армандарын орындауға байланысты барлық тілектернен жазылған тізімін дайындайды. Фильмді көргеннен кейін сотталғандар өз әсерлерімен бөлісіп, фильмнің ең қызықты сәттерін талқылады.
Мұндай терапия сотталғандар арасында оңтайлы әсер беріп, сондай-ақ өте танымал болды. Кинотерапия психокоррекциялық әдістердің бірі ретінде сотталғандардың түзелуіне оң әсер тигізеді. Мұндай сабақтар жеке тұлғалық ерекшеліктерді дамытуға және түзетуге ықпал етеді, сотталғандардың объективті қасиетін қалыптастыруға және ең бастысы босатылғаннан кейін қоғамға оңай бейімделуге септігін тигізеді - деп атап өтті мекеме бастығы Нұрғали Ажиханов.