
18 шілде атақты саяси және ОАР мемлекет қайраткері, 1994 жылы Оңтүстік Африканың алғашқы қара нәсілді Президенті, апартеидке қарсы күрескер, 1993 жылы Нобель сыйлығын алған халықаралық Нельсон Мандела күні.
Осыған байланысты, 2022 жылғы 15 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/1 мекемесінің тәрбие жұмысы үй-жайында шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандары үшін жоғарыда аталған саяси қайраткердің өмірі туралы дәріс өткізілді, оның соңында материалды бекіту үшін зияткерлік викторина өткізілді.
Іс-шараның құрметті қонақтары «Оңалту технологиялары және тұжырымдамалар» қоғамдық қорының басшысы Құлжабаева Орынбасар Молдашқызы және сотталғандармен тәрбие жұмысы жөніндегі топтың инспекторы әділет майоры С. Қалдыбаев болды.
— Нельсон Манделаның ОАР-ды дамытуға қосқан үлесі ауқымды болды. Ол билік құрған 5 жыл ішінде жүргізген әлеуметтік реформалардың бүкіл көлемін бағалау қиын. Аты аңызға айналған қоғамдық-саяси қайраткердің өмір жолы туралы бұл ауқымды дәріс біздің қамқорлығымыздағы балалар үшін өзіндік сабақ болады, олардың әрқайсысының өмірлері әлі алда екенін түсінуге мүмкіндік береді және жасалған қателікке қарамастан, өз өмірін өзгертуге әрқашан мүмкіндік бар деп ойлаймын.
Мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Қ. Рахимов өткізілген іс-шараны осындай түйінмен қорытындылады.