Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/4 мекемесіндегі сотталғандар Қызыл диплом алды

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/4 мекемесіндегі сотталғандар Қызыл диплом алды

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/4 қатаң режимдегі мекемесінде 30 маусым күні мекеме жанындағы кәсіптік колледжде оқуын аяқтаған сотталған студенттерге салтанатты түрде дипломдар табыс етілді.
Жыл сайын облыстың Қылмыстық-атқару жүйесінде жұмыс біліктілігі бар дипломды мамандар шығару екі жүзден астам адамды құрайды. Мекеме қабырғасында алған жұмысшы мамандығы-мекемеде де, бостандыққа шыққаннан кейінде сотталғандарға жақсы көмек. Мекемеде жұмыс істей отырып, қарыздары бар сотталғандар берешектерін өтеп, осылайша шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндіктерін арттырады.
Бүгінде аса ауыр және ауыр қылмыстар үшін сотталғандардың 70 пайыздан астамы жазасын өтеп жатқан қатаң режимдегі мекемеде 80-ге жуық түлек бар. Бұл токарлар, дәнекерлеушілер, аспаздар, тігіншілер, көлік жөндеушілер, электриктер. Олардың төртеуі мемлекеттік емтихандарын жақсы тапсырып, қызыл дипломдарын алды. Бүгінде олардың үшеуі аса ауыр қылмыстар бойынша – 10 жылдан 17 жылға дейінгі мерзіммен кісі өлтіргені үшін бас бостандығынан айырылып, жазаларын өтеуде.