
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторларының қызметкерлері әкелінген азық-түлік пен жеке қажетті заттарды тексеру кезінде темекіге жасырылған трамадолды тапты. Сауқат сотталғандардың біріне арналған. Оны деструктивті діни ағымның жақтаушысы алып келгені анықталды.
– Бұл жолы тәртіп бұзушылар таблеткаларды темекіге тығуға шешім қабылдаған. Олар әдеттегі темекінің орнына басқа толтырғыш бар екенін байқамайтындай етіп жасағаны анықталды. Мүмкін олар қызметкерлер темекіні тексермейді деп ойлаған шығар. Алайда, мен Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/10 мекемесінде сотталғандарға арналған сәлемдемелерді үнемі мұқият тексеріп отыратындығын атап өтемін. Бұл мызғымас ереже.
Нәтижесінде біз жасақ шақырдық. Заң бұзушылық дерек СДТБТ-ға тіркелді. 50 таблетка мен темекі сараптамаға алынды. Сараптама нәтижесі бұл дәрі трамадол екенін көрсетті,-деп бөлісті Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/10 мекемесі бастығының орынбасары Азат Орынбасаров.